МТРА жаңалықтары

Тағы да майдан даласына аттанды.

Людмила Одинцова:
-Мен ұлымның осындай сапарға аттанып бара жатқанына қуанамын.
Біріншіден, бұл отансүйгіштікке баулыса, екіншіден қоғамға пайдалы іспен айналысуда. Мен оның бұл ісін қолдаймын.


Екінші рет іздеу жұмыстарына кетіп бара жатқан Иван бұл істі өзінің азаматтық борышы санайды. Мамырдың 11-не дейін болатын іздеу жұмыстарына
қатысады.

Иван Одинцов, “Поиск” ҚБ мүшесі:
-Барғасын қаза болған жауынгерлердің сүйектерін тауып, қайта жерлеу керек. Олардың рухына тағзым ету- міндетіміз. Тарихты кітап беттерінен оқыған бір бөлек те, оқиғаның болған жерін көзбен көру басқа әсер береді.


Жастардың мұндай пайдалы әрі тәрбиелі істерін облыс әкімдігі де қолдап, көмек көрсетуде. Биыл екі топ жолға шықты. Бірі алғаш рет Орлов-Курск иініне барады. Екіншілері Новгород облысына аттанады.
Петропавл-Қорған-Мәскеу бағытындағы жолаушылар поезы үш күннен соң, 22 сәуірде Новгород облысында болады. Ал біздің қыз-жігіттер іздеу жұмыстарына 23-ші сәуірде кіріспек.
1989 жылдан бері көктем мен күз мезгілдерінде майдан даласында қалған жауынгерлердің сүйектерін іздеуге аттанатын “Поиск” қоғамдық бірлестігінің мүшелері көп іс тындырған. 2009 жыдың бір өзінде Новгород облысынан 2 638 отан қорғаушының сүйегі жерге беріліп, 126-ның есімдері анықталды. Ал осы жолы табылған майдангерлердің мүрделері 7 мамырда Парфин ауданындағы “Лесная поляна” мемориалында, 8-і күні Новгородта, тоғызы Мәскеуде қайта жерленбек.