МТРА жаңалықтары

Каратэшілер сайысы.

Бастапқыда сайысқа бар болғаны 100 каратэші қатысуға ниет танытқан. Ал дәл жарыс күні спортшылардың саны 250-ге жетті. Бескөлде аудандар мен облыс орталығының спортшылары тоғысты. Сөйтіп, бұл сайыс Қызылжар ауданының ашық біріншілігіне айналып шыға келді.

Саят Өтегенов, жарысты ұйымдастырушы, ҚР құрамасының капитаны:
арлығы 10 команда келді. Жаңадан қосылған құрамалар да бар. Мысалға , Жамбыл ауданы.


35 келіге дейінгі салмақтағы сында бәсеке мықты әрі тартымды болды. Барлығы бірінші орын үшін 40 шақты спортшы сынға түсті.
Солардың бірі – Антон Михеев те бар. Өзінің алғашқы жекпе-жегінде Антон кімнің мықты екенін айқын танытты. Егер каратэшінің екі соққысы қарсыластың басына дөп тисе, бұл жағдайда төреші жекпе-жекті тоқтатуы тиіс. Антонның алғашқы ұрысында осылай болды.

Антон Михеев, жарысқа қатысушы, Қызылжар ауданы :
Мен мықты спортшыға қарсы шықтым. Екі жойқын соққы жасадым. Ол есін жия алмай қалды, жеңгеніме өте қуаныштымын.

Алайда келесі кездесу Антон үшін сәтті бола қойған жоқ. Қарсыластан жеңіліс тауып, сайыстан шығып қалды. Біріншілікке а
лыстағы Айыртау ауданының командасы да қатысты. Заманбек Жаңабергенов осы ауданның намысын қорғай келіпті.

Заманбек Жаңабергенов, жарысқа қатысушы, Айыртау ауданы:
ұған дейінгі жарыстарда жеңіске жеттім. Осыған да дайындалып келдім. Маған каратэ ұнайды, өмір бойы айналысамын.

200-ге жуық жекпе-жек өткен соң
сайыстың қорытындысы шықты. Жеңіс тұғырына Бескөл командасы көтерілді. Екінші орынды “Импульс” клубы иеленді. Үздік үштікке сондай-ақ 42 мектептің спортшылары енді.