МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі әлеуметтік мәселелер жөніндегі өз орынбасарын тағайындады.

 

Фархад Шаймұратұлы Қуанғанов – Павлодар өңірінің тумасы. Ол қазақ политехникалық институтын, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебін бітірген. Мемлекеттік басқарудың инженер- магистрі. Еңбек жолын Алматы қаласындағы аумақтық мемлекеттік жобалау институтында инженер болып бастаған. ҚР Реформа және стратегиялық жоспарлау, Мемлекеттік қызмет ісі жөніндегі агенттіктерде, Президент әкімшілігінде еңбек еткен. Премьер-министрдің кеңесшісі, Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі болған. Облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары қызметіне тағайындалғанға дейін Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған. Облыс әкімі жаңа басшының тәжірибесі мол жетекші екенін айтып, оның міндеттерін айқындады.

Серік Біләлов,  СҚО әкімі:
-Облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары жергілікті атқарушы органдар, аумақтық құрылымдар жұмысына жетекшілік етеді. Білім, ғылым, денсаулық сақтау саласы, демография, мәдениет, дене тәрбиесі, спорт және туризм, тілдерді дамыту мәселелерімен айналысады.

Сондай-ақ Серік Біләлов Фархад Қуанғановқа салалық ведомстволардың басшыларын таныстырды.

Фархад Қуанғанов,  облыс әкімінің орынбасары:
Солтүстік Қазақстан облысында Серік Сұлтанғазыұлымен бірге жұмыс істеу мен үшін абырой. Бүгінде өңір алдында үлкен міндеттер тұрғанын білемін. Оларды бірлесе жүзеге асырамыз деген ойдамын. Бұл ретте сіздердің қолдауларыңыз қажет.