МТРА жаңалықтары

Мұражайдағы кездесу

Жасұлан Құдабаев – Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері. Мамандығы агроном. Оның балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келді. Егін екті, масақ жинады. Ауыр жұмыс істеп, майдандағыларды керек-жарақпен қамтамасыз етуге қол ұшын берді.

Жасұлан Құдабаев, еңбек ардагері:
Егер ардагерлер соғыста қан төгіп жатса, тылдағылар, қариялар, әйелдер, балалар оларға керектің барлығын қолымыздан келгенше жасап жаттық.

Кешке оқушылар да қатысты. Олар тылда еңбек еткен өздерінің ата-әжелері жайлы әңгімелеп берді. Мұражай қызметкерлері тәрбиелік маңызы зор шара болашақта да жалғасын табады дейді.

Мейрамгүл Әбуова, мұражай қызметкері:
-Бұл акция жыл соңына дейін жалғасады.
Әрбір солтүстікқазақстандық келіп қатыса алады. Сонымен қатар тылда болған, соғысқа қатысқан туыстарының заттарын әкелуіне болады.