МТРА жаңалықтары

Келісімшарт жасалмаса, жарық берілмейді

Жамбыл көшесіндегі 123-ші үйде бір ай бойы лифт жұмыс істемейді. Әрі подъезд бен жертөлелерінде жарық жоқ. Бұл ыңғайсыздықты тұрғындардың өздері тудырып отыр. Олар бірнеше жыл бойы жарықты ұрлап жағып келген. Сөйтіп, қарызға белшеден батқан, сонымен қатар есептеу құрылғысын орнату келісім-шартын орындамапты. Ойлануға берген бір ай уақыт та текке кеткен.

Анатолий Казановский, “СК РЭК” АҚ басқармасының бастығы:
Бұл мерзім ішінде ешқандай жауап болмады. П
әтер иелері кооперативінің төрағасы бізге де, энерго орталыққа да хабарласпады. Сондықтан біз энергия беруден бас тарттық .

Электр энергиясын қаламызда 350-ге тарта көпқабатты тұрғын үй ұрлайды екен.
СК РЭК кәсіпорынының сарапшылары облыс орталығындағы тұрғын үй кешендерін түгендеп, осыған көз жеткізген соң қатаң шара қолдануды ұйғарған.


Анатолий Казановский, “СК РЭК” АҚ басқармасының бастығы:
-Біз бұл тұтынушыларға 30 күн ішінде келісімге отырып, тұрғындардың жеке есеп-шоттары арқылы есеп айырысуға мүмкіндік береміз.


Қазіргі кезде үйдің ортақ қажеттілігіне энергия тұтыну туралы келісім-шартты 630 үй жасасты.
Ал Петропавлда барлығы 1122 көпқабатты тұрғын үй бар. Бұл келісім екі жаққа да тиімді дейді энергетиктер. Жұмсалған қуаттың ақысы тұрғындар арасында тең бөлінеді.