МТРА жаңалықтары

Тағы бір есірткі тасымалдаушы ұсталды.

 4,46 грамм героинды Қазақстаннан Ресей Федерациясына өткізбекке әрекет жасап жатқан әйел жайында ішкі істер бөлімінің мамандары алдын-ала білген болатын. Сондықтан да ол отыратын Чита-Челябинск  бағытындағы жолаушылар поезы 8 сәуір күні жіті тексерілді.  Күдік туғызған 1985 жылғы азаматша да тінтіледі. Бірақ  оның киімі мен жеке заттарынан есірткі табылмады.   Сөйтіп, полицейлер геникологтың көмегіне жүгінген.  

Азамат Аюпов, Петропавл станциясындағы ЖІІБ есірткіге қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі:

 

-Оны үшінші қалалық аурухананың гинекология кабинетінде тексерістен өткіздік. Күдік расталып, презервативке салынған героин сезіктінің жыныстық органынан табылды.

Мұндай іс Азамат Аюповтың тәжірибесінде бірінші рет кездесіп отыр. Сезіктінің сөзіне қарағанда, өзі есірткі пайдаланбайды, Отанында ұрлық үшін бес рет сотталыпты. Сондай-ақ, аталмыш бөлімнің қызметкерлері 13 сәуір күні   елімізден орыс жеріне есірткі өткізбек болған тағы бір Ресей  азаматын  ұстады. Ол 0,69 грамм героинды шалбарының ышқырына тығып алған.  

 

Азамат Аюпов, Петропавл станциясындағы ЖІІБ есірткіге қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі:

– Жалпы жыл басынан 50-ден астам қылмыскер ұсталып,   1, 5 килограмм  есірткі тәркіленді.Оның  20 грамдайы – героин, басым бөлігі –  марихуана.