МТРА жаңалықтары

Мұражайдағы майдангерлер көрмесі.

 


Көрмеге кескіндеме, мүсін, графика
лық туындылар қойылған. Олардың басым бөлігінің авторлары – Ұлы Отан соғысының ардагерлері. “Отты жылдар”, “Соғыс балалары”, ” Ана қайғысы”, “Жесір” – майдангер суретшілердің жұмыстарында сонау қасіреті мол жылдардағы оқиғалар бейнеленген.   Көрмедегі көптеген картиналар  Ұлы Жеңіс қуанышына арналған.

  Жұлдызай Иманбекова, бейнелеу өнері мұражайының қызметкері:
Мектеп оқушылары экскурсияға келеді. Майдангер суретшілермен, олардың картиналарымен таныстырамыз.

Көрменің бір бұрышына  облыс орталығындағы көркемсурет  лицейі мен өнер колледжі оқушыларының туындылары да орналасыпты. Сондай-ақ оқушылар түрлі-түсті қағаздан бейбітшілік құсы – көгершінді үлкен ынтамен қиып жасауда. Бұл жақсылық, достық пен бейбітшілік нышанын мұражай қызметкерлері Жеңіс күні Даңқ ескерткішіне қоюды көздеп отыр. Мұражайға саяхаттап келуші оқушылар көп. Күніне он топқа дейін жетеді. Олар бұл жерде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы оқиғалар, елімізді қорғап қалған қаһармандар жайлы көптеген мағлұматтар алады