МТРА жаңалықтары

Ағылшын тіліндегі семинар.

 

 

Ағылшын тілінің мұғалімі Ольга Пирматова өткен жылы халықаралық алмасу бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған республикалық байқауда жеңіске жетіп, біліктілігін АҚШ-та жетілдіріп келген болатын. Шет елдің тәжірибесімен сусындаған Ольга Евгеньевна әріптестеріне де осындай мүмкіндік туғызу мақсатымен елімізге жаһандану тілінің маманы Мэтью Эллисті шақыра келді. Бұндай шеберлік сабақтарының солтүстікқазақстандық ұстаздарға беретін пайдасы зор дейді ол.

Ольга Пирматова, “BEST” гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтына келген ұстаздарға ағылшын тілін үйретудің озық тәсілдерін көрсетпекпіз. Мұның пайдасы зор.

Вирджиния штатын
дағы Йорк-Таун қаласының жоғары санаттағы ұстазы Мэтью Эллистің бұл Қазақстанға  алғашқы сапары. Туған тіліне өңірімізде бөлініп жатқан көңілге риза. Халықаралық қатынас тілін білу заман талабы дейді.

  Мэтью Эллис, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы , АҚШ:

-Қазақ жеріне келгеніме екі апта болды. Осы уақыттың ішінде біраз пайдалы іс тындырып үлгердім, мектеп оқушыларымен, студенттермен кездестім, уақыттың тығыздығына қарамай бар сұрақтарға жауап беріп білгенімді жеткізуге тырыстым. Сонымен қатар өзіме де көптеген жаңа мәлімет алдым. Бай Қазақстанның тарихы, мәдениеті қатты қызықтырды.

Интерактивті әдіс бойынша өткен кездесуде шетелдік мейман тілді жылдам әрі жетік меңгеруге септесетін бағдарламалармен таныстырды. Семинар әсіресе облыс ауыл-селоларынан келген мұғалімдерге  пайдалы болды. Ұстаздар қауымы  заман талабына сай жаңа әдістерді біліп алуға тырысуымыз керек, семинардың бұл жағынан көмегі мол болды дейді.

Марал Мұстафина, Есіл ауданының Қарағай негізгі мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:
-Заман бір орында тұра бермейді. Жаңа технологиялар мен оқу әдісін меңгеріп алу үшін осы кездесуге қатысып отырмын. Заман талабына сай оқушыларға білім беруге жиын септеседі деп ойлаймын
.

Халықаралық қатынас тіліне судай болам дегендер әр аптаның бейсенбісінде Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың әлем әдебиеті залына келіп, АҚШ-тың еріктілер тобы өткізетін тегін сабақтарға қатыса алады.