МТРА жаңалықтары

Тәуелсіздік тойына әзірлік басталды.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына дайындық кезең-кезеңмен жүргізілмек. Бүгіннен бастап 2010 жылдың 16 желтоқсанына дейін жалпыұлттық жоспар бекітілуі тиіс. Оған сәйкес Тәуелсіздік мерейтойы 2011 жыл бойы атап өтілмек. Келесі жылдың ақпан айында өтуі тиіс Қысқы Азия ойындары да тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналады. Жалпыұлттық жобаны толықтыруға үкімет басшысы бір ай уақыт берді.


Ерлік Жанділдин, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы:
-Тәуелсіздіктің 20 жылдығына дайындалу үшін облыста ұйымдастыру комитетін құрдық.
Оның құрамына 40 адамды тарттық. Барлығы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары.

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Мамырдың 15-не дейін жоспарды толықтыруды тапсырамын. Ұсыныстарыңыз болса, айтып қалыңыздар. Мерейтой біздің бүкіл облысты қамтуы тиіс.

Жиын соңында өңір басшысы
Ұлы Жеңістің 65 жылдығына дайындықты пысықтап алды. Бүгінде Жеңіс саябағындағы жөндеу жұмысының қарқыны тым төмен екені атап өтіліп, жұмысшылар санын 100 адамға жеткізу ұсынылды. Көктем келді, енді қаланы көркейтуге мықтап кіріскен жөн. Аймақ басшысы мемлекеттік органдарды санитарлық тазалық жөніндегі үшайлыққа белсене қатысуға шақырды.