МТРА жаңалықтары

Дәстүрлі білім сайысы

 

Достық үйінің залына жиналған жасөспірімдердің барлығы 1 қалалық жалпы білім беретін лицейдің ұйымдастыруымен өткен ашық 19-шы интеллектуалдық турнирдің жеңімпаздары. Математика, жаратылыстану-жағрапия, гуманитарлық пәндерден суырылып алға шыққан білімпаздар салтанатты түрде марапатқа ие болды.


Глеб Ефремовтың отбасы түгелдей физикамен әуестенеді. 7-ші сынып оқушысы да осы жолды таңдап, отбасылық дәстүрді жалғастырмақ. Ол физикадан алғаш рет білімін сынады. Бастамасы нәтижесіз болмады. Берілген Глеб бас жүлдені жеңіп алды.

Глеб Ефремов, Бірінші қалалық лицей оқушысы:
-Ата-анам, әсіресе әжем дайындығыма жақсы көмек берді. Есептердің дәл шешімін қателеспей табуым осы адамдардың арқасы. Болашақта өмірімді осы саламен байланыстырғым келеді.

Глебтың сыныптасы Екатерина Киселева да терең білімімен танылып, үздіктердің қатарынан көрінді. Гуманитарлық пәндер бөлімінде Катяға тең келер қарсылас табылмапты.

Екатерина Киселева, Бірінші қалалық лицей оқушысы:
Мен үшін биылғы жарыс аса қиындық тудырған жоқ. Себебі бұл білім сайысына 4-ші сыныптан бері қатысып жүрмін. Біз үшін бұл оқыптүйгеніңді тексеретін жауапты сын. Бәсекелестер мықты болса, нәтиже де жақсы болады. Ең бастысы, білімге білім қосу.


Оқушының жеңісі
ұстаздардың жемісі. Лицей мұғалімдері еңбектерінің зая кетпегеніне разы.

Нұрсұлу Байкенова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы:
-Жүлделі орындардың барлығын біздің оқушылардың алғанына өте қуаныштымыз. Лицей математикалық-физикалық бағыттағы оқу орны, соған қарамастан тіл сабақтарынан да оқушылар жақсы нәтиже көрсетіп жатыр.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған ашық турнирде 150-ге тарта ізденімпаз оқушы білімдерін сынады.