МТРА жаңалықтары

Оның мақсаты қару- жарақ және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың бетін ашу.

Суық қару көбіне тұрмыстағы қылмыс құралына айналып шыға келеді. Осындай бір оқыс оқиға Хименко көшесінде болды. Дабыл азық-түлік дүкенінен түсті. Сатушының айтуынша, ішімдікке тойып алған азамат арақ үшін ақша төлеуден бас тартып, қару кезенген. Күдікті бұл қаруды Тайынша қаласында тауып алып, өзімді қорғау үшін қалтама салған едім деп ақталды.

Кейін белгілі болғандай, қару оқ атуға дайын болыпты. Есіл ауданының полицейлері де олжалы болды. Поляковка селосының тұрғыны винтовкамен қолға түсті. Бір қызығы, оны өзі жасапты. Үйдің төбесінде бұл қарудың не үшін сақталғаны әлі белгісіз. Жалпы рейд барысында қаруы бар 4 мың адам тексерілді. Сөйтіп, заңсыз сақтауда болған 40 шақты қару тәркіленді. “Қару” операциясы біздің облыста 16-ші сәуірге дейін жалғаспақ.