МТРА жаңалықтары

Телекоммуникациялар қызметіндегі өзгерістер.

 

 

Былтыр кәсіпорынның қызметі негізінен желіге жаңа технологияларды енгізуге бағытталды. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап, қызылжарлықтар iD TV интерактивті сандық телевизияға қосылу мүмкіндігіне қол жеткізді. Қазіргі таңда бұл мүмкіндікті 200 абонент пайдаланып отыр.

Әлім Шүкенов, “Қазақтелеком” АҚ облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры:
 – Бұл қызметтің жаңа түрі болғандықтан, олқылықтар да кездесіп отырады. Алғашқы тұтынушылар өзіміздің қызметкерлеріміз болды. Олар осы технологияның кемшіліктерін анықтап, мамандарға айтып  отырды.

Былтырдан бастап қала тұрғындарына тағы бірқатар жаңа қызмет түрлері көрсетіле бастады. Мәселен, iD Phone қызметі бойынша 239 нөмір қосылды. Бұл жаңашылдықтың арқасында абоненттер мекен-жайды ауыстырғанда өзінің телефон нөмірін сақтап қалып, үйінде және wi-fi нүктелерінде Интернет желісінің кеңейтілген мүмкіндігіне қосыла алады. Қазіргі таңда ғаламтор
ды  54 мыңдай солтүстікқазақстандық пайдаланып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда тұтынушылардың саны 32,2 пайызға өсті.
2008 жылы басталған 161 шақырымдық байланыс желісінің құрылысы да аяқталды. “Петропавл – Булаев – Ресей Федерациясының шекарасы” бағытын қамтитын желі Қазақстанды әлемдік ақпараттық кеңістікке шығаруға бағытталған. Бүгінгі күні облыстық дирекция көрші елдің “Ростелеком” кәсіпорынымен тығыз қарым-қатынаста.
 


Әлім Шүкенов
,  “Қазақтелеком” АҚ облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры:
– Биылғы басты міндет – көлік құралдарымен қамтамасыз ету. Бұл мәселені шешуді мықтап қолға алдық. Оған қоса Уәлиханов және Қызылжар аудандарындағы станциялардың жұмысын жақсартамыз.

Сонымен қатар осы жылы қызметкерлердің жұмысын бағалау жүйесі де енгізілмек. Бүгінгі күні облыстық филиал 180 мыңдай абонентке қызмет көрсетеді. Барлық ауылдық елді мекендер телефондандырылды.