МТРА жаңалықтары

“Жүректен жүрекке” қайырымдылық акциясы.

ҰОС ардагері Татьяна Ананьина 90 жаста. Қарияның денсаулығы сыр беріп, еркін жүруден қалған екен. Жақын туыстары шет елдерде. Бағып-қағып өсірген үш баласы тұрмыс құрып, өз жолдарымен кетіп қалған. 1942 жылы өз еркімен майданға кеткен 20 жасар нәзік жан Ұлы Жеңісті Берлинде қарсы алды. Татьяна Александровна бүгінгі ұрпақ бейбіт аспан астында бақытты ғұмыр кешіп жатқанына шүкіршілік етеді. Ең бастысы, осындай тыныш күндерді бағалап, жолдастыққа берік болған жөн дейді қария. Екі бөлмелі пәтерде жападан жалғыз қалған Татьяна Александровнаны әңгімеге тартқан жастар бірнеше жыл өлім мен өмір ортасында жүрген майдангердің әңгімесі кітап парақтағаннан әлдеқайда қызықтырақ дейді

.

Әйгерім Омарова, Әл Фараби мектеп-лицейінің оқушысы:
Біз ардагерлерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Оларға әрқашан да көмектесуге дайын тұрамыз. Осындай акцияларды бір рет емес, жыл бойы өткізу керек деп ойлаймын.

Ал Алексей Решетнякты биыл ғана құрылған жастар мәслихатының депутаттары құттықтады. Белсенді жастар 80-нің сеңгіріне шыққан ҰОС ардагерін өз қамқорлығына алып отыр. Атқыштар дивизиясының жауынгері Алексей Степанович Сталинград үшін шайқасып,, Румыния, Венгрия, Чехословакия елдерін жаудан азат етуге қатысқан. Үш мәрте ауыр жараланып, қатарға қайта қосылған.