МТРА жаңалықтары

Алаяққа үкім кесілді.

Сот алдында 50 жастағы Петропавл тұрғыны Алма Бижанова тұр. Ол бірнеше адамнан қарызға көп ақша алып, бермей кеткен.  Жәбірленушілер алаяқтың қарызды қайтаруын талай рет өтінген, бірақ күдікті кейін мүлде ізін жасырған.  Риза Мусина – жапа шегушілердің бірі.  

 

Риза Мусина,  жәбірленуші:
 – 2007 жылы ол менен 200 мың теңге қарызға ақша сұрады. Ол бұл қаражатты баламның оқудағы проблемаларын шешуге жұмсаймын деді.
Кейін баласы жол-көлік апатына түсті деп, банктен 300 мың теңге алғызды. Мен бұл кісіде жұмыс істегендіктен, оған сеніп қалдым.

Күдіктінің қарызы 1,5 млн. теңгені құрайды. Жәбірленушілер арыз жазбасын деген мақсатпен сотталушы борышының аз бөлігін ғана қайтар
ып отырған. Төрт айға созылған сот отырысы аяқталып, бүгін үкім жарияланды.  


Хайдар К
әшенов, Петропавл қалалық сотының судьясы:

– Алма Бижанова кінәлі деп танылсын. Оның мүлкі тәркіленіп, 2 жыл  3 айға бас бостандығынан айырылсын. Солтталушы жазасын жалпы тәртіптегі  түзету колониясында өтейтін болады.