МТРА жаңалықтары

Спорт жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды.

Спорттық кеңеске олимпиадалық резервтегі “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Виктор Лаврик төрағалық етпек. Жиынға қатысушылар бұл кеңестің  облысымызға аса қажеттігін алға тартып отыр. Петропавлда  алты ай қыс  болады, алайда өңірде хоккей мен коньки спортынан жаттығатын арнайы орын жоқ. Біршама спорт мекемелері жеке кәсіпкерлердің иелігіне өтіп кеткен. Облыс орталығындағы екі стадион бұқаралық спортты дамытуға аздық етіп отыр.

Бауыржан Құлжанов, СҚО күрес федерациясының президенті:
– Спорт жөніндегі қоғамдық кеңес керек,  облыстағы барлық спорттың мәселелерін шешу, барлық спортшыларды біріктіру  кеңестің негізгі міндеті осы деп ойлаймын.