Еңбекақының уақытында төленбеуі – қадағалаушы органның бүгінгі таңдағы бас ауруы. Прокуратураның осындай кәсіпорындармен күрес жүргізуі нәтижесінде жыл басынан еңбекақы қарызы 54-тен 17 миллион теңгеге дейін қысқарды. Көш басында- “Биохим” зауыты.
Асқар Досекенов, СҚО прокуроры:
-Біз “Биохим” зауыты басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғауға мәжбүр болдық. Қазір жұмысшыларға жалақы толығымен өтелді. Енді істі жабамыз деген үміттемін.
Троллейбус паркіндегі жағдай да тұрақталды. Бұл кәсіпорынның жұмысшылары да айлап еңбекақы көрмеген-ді. Бүгінде қарыздың негізгі бөлігі өтеліпті.
Асқар Досекенов, СҚО прокуроры:
-8 миллион теңге жалақы төленді. Қазір 2 миллионға жуық берешек қалды.Парк басшылығы оны 20 сәуірге дейін жабуға уәде берді.
Баспасөз мәслихатында “Жол картасының” орындалуы да сөз болды. Қаржы мамыр айынан жұмсала бастамақ. Алайда қадағалаушы орган заң бұзу фактілерін бүгіннің өзінде тапты. Шикілік – байқауды өткізу барысында анықталған.
Галина Дмитриенко, СҚО прокуратурасының басқарма бастығы:
– Білім басқармасынан көптеген қателіктерді таптық. 600 миллион теңгеге бағаланатын тендердің күшін жойдық. 33 лоттың 27-сіне біздің наразылымыз бар.
Қадағалаушы орган білім басқармасының бастығына заңның бұзылуына жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныс берді.