МТРА жаңалықтары

Петропавлда астыртын жұмыс істеген ойын залы табылды.

 Полицейлер заңсыз кәсіптің иесін де анықтады. Сезікті Астана қаласының тұрғыны болып шықты. 

Құмар ойындар залы «Ауыл шаруашылығына арналған   қосалқы бөлшектер» деген атпен бүркемеленген дүкенде астыртын жұмыс істеген. Бөгде біреулер бұнда кіру үшін алдын ала тапсырыс беруі қажет. Ал кіреберіске қырағы күзет қойылып, ғимарат сырты бейнебақылауда болған. Операцияға «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімінің жауынгерлері мен қалалық прокуратура қызметкерлері қатысты. Заңсыз жұмыс істеген ойын залын күшпен басып алуға тура келді дейді полицейлер. Тәртіп сақшылары тас қабырғадағы темір торды жұлып алып, көлеңкеленген терезені бұзып ішке енген.

Қайрат Оразалин, СҚО ІІД ҰҚҚКБ бастығы:
– Ойын залына «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімнің жауынгерлері мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кірген кезде бірнеше адам ойынның қызығына беріліп  жатыр екен. Залға 25 ойын автоматы мен рулетка орнатылған. Сонымен қатар клиенттерге арналған бар жұмыс істеген.

Астыртын жұмыс істеген залдың қызметкерлері ешбір құжат көрсете алмады. Олардың ойын бизнесінде қызмет ету туралы лицензиялары да болмай шықты.

  Қайрат Оразалин, СҚО ІІД ҰҚҚ КБ бастығы:
-Қазіргі уақытта біз ойын залының иесін анықтадық. Ол Астана қаласының тұрғыны болып шықты. Бүгінгі күні азаматшаның мекенжайын анықтау мен ұстау үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ойын қондырғылары тәркіленіп, оның жұмысы тоқтатылды.  

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Соңғы екі жылда солтүстікқазақстандық полицейлер  осындай 6 ойын орнын анықтаған.