МТРА жаңалықтары

Облысқа Бавариядан бір топ оқушы келді.


 

 

Қазақстандағы Германия жылының аясында келген меймандарды қалалық бірінші гимназия ұжымы қарсы алды. Айта кету керек, бұл гимназия – «Мектептер – болашақтың әріптестері» халықаралық бағдарламасын жүзеге асырып жатқан еліміздегі бірден-бір білім ошағы.  Қалалық бірінші гимназияға 15 оқушы мен 2 ұстаз келіпті.

Максимилиан Фогель, Наиля гимназиясының оқушысы, Германия:
-Біз Қазақстанға сапарымызды Гете атындағы институт жариялаған байқауда жеңіп алдық. Шығармалар бәйгесінде өзімізді таныттық. Осы білім ордасында қазақстандық құрбыларымызбен танысқанымызға қуаныштымыз.

Элен Фритче,  Наиля гимназиясының оқушысы, Германия:
– Бұл – менің Қазақстанға лғашқы сапарым. Қаланың көрнекті жерлерімен таныстық.  Алда – Астана және Алматы қалалары бар.

Екі жақты тәжірибе алмасу – халықтардың достығын нығайтып, оқушылардың әлемді тануына мүмкіндік береді дейді неміс тілінің мұғалімі Александра Леваш.

Александра Леваш,  неміс тілінің мұғалімі:
– Екі ел арасындағы оқушылар алмасу бағдарламасы -Германиядағы Гете атындағы институттың бастамасымен қолға алынған шара. Былтыр неміс еліне біздің гимназияның оқушылары барып келді.

Өткен жылы Франкфурт на Майне қаласына гимназияның 12 оқушысы барып қайтқан болатын.  


 
Александра Фирсова, 11 сынып оқушысы:
Былтырғы жылы біз Германияға бардық. Арнайы бағдарламаның арқасында  неміс құрбыларымызбен тығыз қатынас жасауға мүмкіндік алдық. Неміс өлкесінің көптеген көрікті жерлерін көріп, халықтың мәдениетімен жақын таныстық.


Аина Баранбаева, 11 сынып оқушысы:
– Неміс елінің тұрғындары бізді құшақ жая қарсы алды. Біз үшін бұл неміс тілін одан әрі қарай тереңдеп игеруге жақсы мүмкіндік болды.