МТРА жаңалықтары

Көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді.

Қала әкімі Нұржан Әшімбетов көпбалалы аналарға “Алтын” және “Күміс” алқалар табыс етті. Мұндай марапатқа облыс орталығында тұратын  12  ана ие болды. 

 

 

 

Марапаттау рәсіміне жиналған ақ жаулықты аналардың көңілдері көтеріңкі. Бірнеше сәбиді дүниеге әкеліп, тәрбиелеп, жеткізген аналар еңбектерінің еленіп жатқанына қуанады.

  Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
– 2010 жылдың 10 -ыншы наурызындағы қаулыға сәйкес “Алтын алқаға” жеті және одан да көп, ал “Күміс алқаға” 6 бала туып-өсірген көпбалалы аналар ие болады.

“Алтын” және “Күміс” алқаға  ие болған 12 ананың бірі    Қамыш апа үш ер және төрт қыз бала туып, тәрбиелеген. Қазір әжей 75 жаста. Бүгінгі күні ол немерелерінің қолында тұрады.


Қамыш Қайрова,  “Алтын алқа” иегері:
-Құдайға шүкір, балаларым мен немерелерімнің барлығы шаңырақ көтеріп, жұмыс істеп жатыр. Менің балаларым еліміздің қарқынды дамуына зор үлес қосып жүрген жандар.

Мемлекеттік марапатқа ие болған көпбалалы аналарға қосымша сегіз жарым мың теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.  

 
Кенже Жылқайдарова,  “Алтын алқа” иегері:
-7 бала өсіріп, осындай марапатқа ие болып тұрғаныма Елбасымызға алғысымды білдіремін.Оған қоса обыс әкімі мен қала әкіміне ризашылығымды білдіремін. Әрине, көп бала өсіру оңай емес.

Жақында осындай марапатқа тағы 400-ге жуық көпбалалы ана ие болады.