МТРА жаңалықтары

Алғашқы сенбілік өтті.

Ұлы Жеңістің алпыс бес жылдығын таза, көркейтілген қалада қарсы алу үшін қайырымдылық сенбілігі ұйымдастырылды.Игі шараға облыс орталығындағы 1200 кәсіпорын мен мекеме ұжымы белсене атсалысты. Бұл күні түскен қаржының елу пайызы қалалық ардагерлер кеңесінің шотына аударылады. 

 

 

 

 Н.Погодин атындағы орыс драма театрының ұжымы өздеріне қарасты аумақты жинауға бір адамдай шығыпты. Қолдарына тырнауыш пен сыпырғыш алып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының құрметіне қойылған ескерткіш маңын қыстан қалған қоқыстан тазартты.   Ортақ шаруаға жұмылғандарды мәдениет және демалыс саябағынан да көруге болады.  Осы жылғы алғашқы сенбілік Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналды. Сондықтан бұл игі шарадан қала тұрғындары қалыс қалмауға тырысты.  Бұл күні қала көшелері мен аулаларды тазартуға 40 мыңға жуық тұрғын шықты. Сенбілікке 30-ға жуық техника жұмылдырылып, 450 тонна қоқыс қала сыртына шығарылды.   Көшті артқа сүйрейтіндер қашан да табылады. Осы жолы да ортақ шаруаға атсалыспағандар бар. Сауда орындары өздеріне қарасты аумақты жинастыруға уақыт таба алмапты. “Жібек жолы” базарының маңында көң-қоқыс шашылып жатыр. Суағарлар тазартылмаған. “Океан” дүкенінің жанында да осындай көрініс . Сауда орнының аумағы мүлдем абаттандырылмаған.
Келесі сенбілік сәуірдің он жетісі және жиырма төрті өтеді.