МТРА жаңалықтары

Жас тарихшылар көктемгі демалыстарын қиыр солтүстікте өткізді.

 

 

Жеткіншектердің сапардан алған әсерлері мол.   Сібір қаласы Салехардта    жасөспірімдер көптеген тарихи мәліметтерге қанығыпты.  Ямал-Ненецк  – мәңгі суық  аймақ. Қыстың қаһарына шыдамаған қарғалар да жылы жаққа ұшып кетеді екен.  Тұрғындардың айтуынша, олар  туған мекеніне сәуірдің 7-сінде   оралып, көктем келеді екен.   Ол күні тілек тілесең, міндетті түрде орындалады деген сенім де бар.  Жасөспірімдер қар көбесі сөгілмейтін өңір тұрғындарының тұшпара, балық сорпасы сияқты тағамдарынан дәм татып, өнер, спорт сайыстарына қатысқан.  

 

 Максим Холопов, бірінші гимназия оқушысы:
-Сазбалшықтан сол аймақтымекендейтін жануарлар мен құстардың мүсіндерін  жасадық. Мен мамонт мүсінін жасадым.

Салехард – поляр шеңберінде орналасқан жалғыз қала. Балалар сертификаттарын “Поляр шеңбері” стелласының алдында алыпты.  Өлкетану мұражайының директоры Ирина Паламарчуктың айтуынша, сапар жеткіншектермен қатар ересектерге де пайдалы болыпты.

Ирина Паламарчук, облыстық өлкетану мұражайының директоры:
– Салехард қаласының мұражайы балалар арасындағы тарихи танымдық жұмыстарды көп уақыттан бері атқарып келеді. Біз бұл істі жақында ғана қолға алдық. Мен ол жерден көптеген пайдалы
ақпараттар алдым.