МТРА жаңалықтары

Салауаттылыққа арналған көрме.

Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-лицейінде “Жастар салауатты өмір үшін” көрмесі ашылды. Пайдалы ақпаратқа құрылған  көрмені 6 – 11 сынып оқушылары екі күн бойы тамашалай алады.

 

 

 

 Лицей оқушылары  көрмеге  “СПИД ауруының қасіреті”, “Маскүнемдік”, “Темекі шегу”, “Компьютерлік ойындар”  тақырыптарында  қабырға газеттерін, басқа да көрнекі  мәліметтер  әзірлеген.  Мәселен, 10 сынып қыздары ішімдіктің зиянын тәжірибе жүзінде көрсету үшін спиртке салынған бауырды пайдаланған.  Жарты сағаттық ақпараттық көрме 30-ға жуық мектепте  көрсетілмекші.

Ахмет Гази Чолак,  қазақ-түрік мектеп-лицейінің директоры:
– Болашақ ұрпақ денсаулығы мықты болу үшін осындай  жұмыс өткізіп жатырмыз. Бұл –  жастардың денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шара.