МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруда жаңа әдістер қолданылуда.

Бөлім бастықтары, мекемелер  жетекшілері мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары СҚО әкімдігі жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығында  40 сағаттық курстарды өтіп, білімдерін жетілдірді.  

 

 

Бүгін – курстың соңғы күні.   25 мемлекеттік қызметші 40 сағаттық оқуды тәмамдап, біліктілікті арттырғаны туралы сертификатқа ие болады.  Олар  жергілікті бюджет есебінен оқытылады. Биыл бұл мақсатқа 14 млн. теңге бөлінді.  

Татьяна Лебедева, СҚО әкімдігі жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығының директоры:
– Барлық оқу бағдарламалары белгілі бір талаптарға сай құрылып,  заңнамалар, басқару  мәселелері  енгізіледі. Бізде дәстүрлі дәрістер оқылмайды. Қазір  
 интерактивті оқытуға көштік. Білім берудің бұл формасы арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытамыз.

Оқытудың екі формасы бар: мемлекеттік басқару
саласында  қызметін жаңа бастағандар қайта даярлау курсын өтсе, үш жылдан артық мемлекеттік қызметте жүргендер біліктіліктерін арттырады. Соңғылары  курстарға әр 3 жыл сайын келеді.  Бүгінгі күні мұнда 130 оқытушы жұмыс істейді.  

Аман Қабдөшев, Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы:
-Кеңес өкіметі кезінде оқығанда бізге дәрістер оқитын. Біз оларды талқылайтынбыз.Ал мұнда білімді тренингтер мен ойындар арқылы береді.Мұндай оқытудың әдісін құптаймын.