МТРА жаңалықтары

Өңірдің атқарушы билік органдарында кадрлық ауыс-түйістер жасалды.

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары болып Самат Ескендіров тағайындалды. Серік Біләлов бұл қызметтің аса жауапты екенін атап өтті. Бірінші орынбасар экономика, өндіріс, энергетика, тағы басқа да маңызды салаларға жауапты болады. Ал осыған дейін Мағжан Жұмабаев ауданын басқарып келген Айдарбек Сапаров енді облыс әкімінің орынбасары ретінде  агроөнеркәсіп саласына жетекшілік етеді. Бұл кандидатуралар ҚР Президентінің әкімшілігмен келісілген. Сонымен қатар  екі ауданда әкімдер ауысты.  Президент әкімшілігінің келісімімен, аудандық мәслихаттардың  қолдауымен Есіл және Мағжан Жұмабаев аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды. Аудандар активіне жаңа басшыларды облыс әкімі Серік Біләлов таныстырды.

 


Есіл ауданы  – облысымыздағы даму қарқыны жоғары аймақтың бірі.  Ауданның жаңа әкімі қызметіне Асқар Бегманов  Үкіметтің өзінен  келді.

 

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Асқар Бегмановтың мемлекеттік басқаруда тәжірибесі мол. Экономист және заңгер. Мәдениет және ақпарат министрлігінің бір басқармасына жетекшілік етті. Ал осы күнге дейін Премьер министр кеңсесінің аймақтарды дамыту және ұйымдастыру жұмысы бөлімінде бас инспектор қызметін атқарды.

Асқар Бегманов осы үмітті ақтауға уәде етті. Аудан активінің алдында
 сөйлеген ол  жетістіктерді еселей түсуге білімім мен тәжірибемді саламын деді.  Ал Есіл ауданының бұрынғы басшысы Владимир Бубенко Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып тағайындалды. Аудандық мәслихат пен активке жаңа әкімді өңір басшысы таныстырды. Бубенко мырза үшін бұл аудан бөтен емес.

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Владимир Бубенко Булаев ауданында Калинин атындағы кеңшарда аға диспетчер болып жұмыс істеді. Осы ауданда, “Молодежный” кеңшарының  МТМ меңгерушісі,  бас инженері болды. Ол ауданның проблемаларымен жақсы таныс.

Аймақ басшысы қос әкімге бірден жаңа міндеттер жүктеді.

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

 -“Жол картасының” аясында бөлінген қаржының тиімді жұмсалуы, “Ауыз су” бағдарламасының орындалуы – басым бағыттар. Ұлы Жеңістің 65, Қазақстан Конституцияның 15 жылдығына мықтап дайындалу керек. .

Айдарбек Сапаровтың басшылығымен Мағжан Жұмабаев  ауданы жақсы дамып келе жатқан аймаққа  айналды.

 

Айдарбек Сапаров,  облыс әкімінің орынбасары
– Сіздерге алғыс білдіремін. Осы жетістіктерге сіздердің арқаңызда қол жеткіздік.   


Айдарбек Сапаровты аудан активі тік тұрып шығарып салды.