МТРА жаңалықтары

Сәуірдің 11-і – фашистік концлагерьлер тұтқындарын азат ету күні.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары фашистер жаулап алған көптеген елдерде миллиондаған адамдар концентрациялық лагерьлерде азап шекті. Жерлесіміз Зоя Кольцова   – балалық шағын фашистік  тұтқында  өткізгендердің бірі.  

 

 

  Зоя Кольцова 1944 жылы Польша аумағында орналасқан концлагерьлердің бірінде туған.  Оның ата-анасы соғыстың алғашқы жылында Украинада танысып, көп ұзамай отау тігеді.  Кейін  олар тұратын елді мекен жау қолына  көшіп,  жас отбасы соғыстың аяғына дейін  фашистік  тұтқында болады.  

Зоя Кольцова:
– Жағдай өте қиын болған.  Көзге түсуге болмайды. Дыбыс шығаруға тыйым салынған. Талай тауқыметті көрдік.

Жас отбасының алғашқы сәбиі концлагерьде 1942 жылы дүн
иеге келді. Ал екі жылдан соң екіншісі – Зоя туды. Зоя Жүсіпқызының әкесі қазақ, ал шешесі украин қызы екен.   

  Зоя Кольцова:
– Анам фашист солдаттарына білдіртпей, жасырынып фермаға өтіп кететін.
Ол онда кір жуды. Ал кешке таман азық-түлікпен оралатын.

Кеңес әскерлері Польшаға кіре бастағанда
фашистер  концлагерьді Германияға көшірмек  болады.  Тұтқындар жаяу жөнелтіледі. Ал Қамашевтар екі жас баласымен колоннадан бөлініп қалады. Ну орманда  кеңес танкілері  кездесіп,  ер адамдар әскери қызметке алынады.


Зоя Кольцова:
 – Ал әйелдер мен балаларды елге жөнелтті. Қалай жетсеңдер де, бұл өздерінің проблемаларың деді. Құдайға шүкір, біз жеттік.

 1947 жылы олардың  әкесі  оралып, 4 жылдан соң Петропавлға көшіп келеді. Зоя Кольцова  санитар, бала күтуші, балабақша тәрбиешісі болды,  зейнет жасына дейін зауытта қызмет етті. Зоя Жүсіпқызы  өзі де екі баланы тәрбиелеп өсірген.