МТРА жаңалықтары

Сенбілікке әзірлік жасалуда.

 Сәуірдің 10-ында өтетін қайырымдылық сенбілігіне қала қызу дайындық үстінде. Облыс орталығында қоқыстан арылтуды қажет ететін 200-ге жуық учаске анықталды.   

 

 

Сенбілікте қаладағы 185 учаске қоқыстан арылады. Бұл орындардың барлығы кәсіпорындар мен мекемелерге бекітілді. Қазір сенбілікке қызу дайындық жасалуда. 

Қайролла Ғалеев,  қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары:
 – Жинаған қоқысты полигонға шығару үшін жүк көлігіне тапсырыс беруге болады. Ол үшін 109 телефон нөмірі бойынша анықтама-диспетчерлік қызметке хабарласу керек.

Бұл күні “Коммунхоз” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 10 техника мен 150 адамды ортақ шаруаға жұмылдырады. Кәсіпорын қала тұрғындарынан қоқыстарды күйдірмей, қаптарға жинауды  сұрайды. Өйткені осылайша тұрмыстық қалдықты көлікке арту ыңғайлы, дейді олар.

Андрей Немилостивый, “Коммунхоз” КМК директоры:
 – Сенбілікте тұрмыстық қалдықтарды қабылдау полигоны тегін жұмыс істейтін болады. Бұл шарада біздің негізгі міндетіміз мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар  жинаған қоқысты полигонға шығару. Қазіргі таңда біз жұмыс кестесін әзірлеп қойдық.

“Мир, 110” мекен-жайында орналасқан үйдің тұрғындары осы сенбілікке қатыса алмайды. Өйткені ауладағы қар әлі еріген жоқ. Сондықтан  қоқыс жинауға мүмкіндік болмай отыр, – дейді “Мир, 2” жеке пәтер иелері кооперативінің төрайымы
Рашида Морозова.

Рашида Морозова,  “Мир, 2” пәтер иелері кооперативінің төрайымы:

 – Аула жинаумен сыпырушылар ғана айналысып жүр. Олар ағаш бұтақтарын қиып, қар астындағы қоқысты жинап алды. Ал үй тұрғындары күн жылынып, қар кеткенде сенбілікке шығады.

Сенбіліктің қаланы көркейтіп, қоқыстан арылтуда пайдасы зор. Сондықтан оған тек кәсіпорындар ғана емес, тұрғындардың да белсенді қатысқаны абзал.