МТРА жаңалықтары

Сәуірдің жетісі – халықаралық денсаулық күні.

 

 

 Алик Азмухаметов жетпісті алқымдаса да өзін өте сергек сезінеді. Бүгін ол күнделікті әдеті бойынша таза ауада жүгіруге шықты. Оның бұл спортқа ден қойғанына жиырма сегіз жыл. Осы уақыт ішінде елу мың шақырымнан астам қашықтықты бағындырыпты. 49 халықаралық марафонға қатысқан. Осы сапарларының бірінде Алик Каримович Ленинград облысындағы 314-ші  атқыштар дивизиясының жауынгерлері жерленген бауырластар зиратынан топырақ әкелген. Енді Ұлы Жеңістің алпыс бес жылдығы қарсаңында “Надежда” клубының марафоншылары 3200 шақырымды кезекті рет бағындыруды жоспарлап отыр.

Алик Азмухаметов, “Надежда” клубының төрағасы:
-Біз бұл сапарға шығу үшін облыс әкімінен көмек сұраймыз. Сәуірдің жиырмасына қарай алыс жолға шығуымыз қажет. Сонда мамырдың тоғызы Петропавлға ораламыз.  Петропавлдағы  314-ші атқыштар дивизиясының құрметіне орнатылған ескерткіште жауынгерлер жерленген қабірдің топырағы жоқ. Сондықтан бұл елімізді жаудан қорғаған әкелеріміз бен аталарымызға көрсетілген зор құрмет болмақ.

Алик Азмухаметов “әлемді әсемдік емес, ізгілік құтқарады” деп есептейді. Нақ осы қасиет денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүруге жетелейді. Осындай сеніммен ол алдағы күндері де мыңдаған шақырымды жүгіріп өтпек. Осылайша Алик Каримович кезекті қашықтықтарды бағындырып жатқан кезде, салауатты өмір салтын ұран еткен жастар да мәдениет және демалыс саябағына жиналды. Сәуірдің жетісі республика бойынша “Дені сау қала” атты акция басталды.   Акция аясында волейболдан жарыс, салауатты өмір салты тақырыбына арналған дебат турнирлері, оқушылар арасында КВН ойыны өткізілмек