МТРА жаңалықтары

Сәуірдің 7-сі – тәжік- ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстанның 17 жауынгерін еске алу күні.

Петропавлда батырлардың құрметіне орнатылған мемориалдық композиция жанында бүгін еске алу жиыны өтті. Сарбаздардың рухына тағзым етуге облыс әкімі Серік Біләлов те келді. 

 

 

 Бұл қанды оқиға 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында орын алды. Пешавар шатқалындағы шайқас 4 сағатқа созылды. 17 сарбаз моджахеттер қолынан қаза болды. Бейбіт заманда ұлдарынан айырылған аналар қан жылап қалды. Бүкіл елдің қабырғасы қайысты. Қазақстан батальонының ерлігі  біздің есімізде мәңгі сақталып қалады, ол ұрпаққа үлгі деді облыс әкімі.

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
лардың ерліктері жастар арасында патриотизмді қалыптастырады. Бүгін сол сарбаздарды еске алып, бас иеміз .

Ерік Ботақанов
, ҚР ІІМ ІӘ қолбасшысының орынбасары:
20 құрама болып, 2 мың сарбаз тапсырманы орындады. О
лар жауынгерлік ерлігі үшін марапатталды.

Сарбаздарды еске алуға жиналғандар мемориалдық композицияға гүл шоқтарын қойды. 


Жасұлан Құдабаев, тыл еңбеккері:
-Ардагерлер барлығымыз келіп отырмыз. Өзіміздің балалар ғой, оларды ұмытпауымыз керек. Жаңа дұға қылып, аят оқыдым.

Бұл күні еске алу бүкіл республика бойынша өтті. Тәжікстанның астанасы-Душанбе қаласында сарбаздардың құрметіне монумент ашылған-ды. Тәжік халқы да бүгін қазақ жігіттерінің рухына тағзым етті.