МТРА жаңалықтары

Салық төлеу уақыты өтіп барады.

Өткен жылы жеке және заңды тұлғаларға салықты уақтылы төлемегені үшін 43 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Салық органдары бұл жағдай биыл қайталанбауы  үшін төлеу мерзімі сәуірдің 12-сінде тәмамдалатынын тағы да ескертеді. Осы уақытқа дейін жеке, корпоративтік, көлік және жер салығы төленуі тиіс. Үлгере алмай жатқан ағайын арнайы өтініш беріп, салық төлеудің электронды түрін қолдана алады. Осылайша, бір айға дейін уақыт ұтуға болады. Заңға мойынсұнбаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

  Аслан Ілиясов, облыстық салық департаментінің жетекші маманы:
Егер салықты төлемесе әкімшілік тәртіпте 25-тен 30 дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.