МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында су колонкалары қалпына келтіріліп жатыр.

  Облыс орталығының жеке секторларын сумен қамтамасыз ететін колонкалардың көбі істен шыққан. Мәселені шешуге су таратушы кәсіпорын 30 шақты техника мен 100-ден астам қызметкерін тартып отыр. Бұл  шараға төтенше жағдайлар департаментінің мамандары да атсалысты. Бірлескен жұмыс арқасында бірталай құдықтар іске қосылды. Петропавл  су кәсіпорнының қарауындағы 532 колонканың  тең жартысы биылғы қатты аяздарда қатып қалған. Қазір облыс әкімінің тапсырмасы бойынша күн сайын олар  арнайы машина көмегімен жібітіліп, қайта іске қосылып жатыр.