МТРА жаңалықтары

Оңтүстікте табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға арналған жүкпен автокеруен жолға шықты.

 

 

«Нұр Отан» ХДП филиалы ғимаратаның маңы таң атқаннан қарбалас жұмыс. Су тасқынынан зардап шеккен қызылағаштықтарға арналған азық-түлік пен киім-кешек, тұрмысқа қажет заттар  үш жүк көлігіне  тиелді.  Осыған байланысты арнайы митинг өткізілді. Бүгін бірінші автокөліктер кетіп барады, ертең, 18 наурызда 50 млн теңге аударылады деді  облыс әкімі Серік Біләлов. Бұл іске  кәсіпкерлер де өз үлестерін қосып отыр. Бүгінгі күні табиғат апатынан қаза тапқандар саны 40-қа  жақындады, 20-сының тағдыры  әлі белгісіз.