МТРА жаңалықтары

Петропавлда төтенше жағдай жарияланды.

 

 

Наурыздың 20нан кейін күн күрт жылынуы мүмкін. Еріген қар суының қала көшелерін алып кету қаупі бар. Сондықтан жиналып қалған қарды сыртқа шығару – ең маңызды жұмыс болып отыр.  «СУ-808» серіктестігі бұл жұмысты Караван көшесінен бастады.  Қолда бар ауыр техника тегіс осы шаруаға тартылған.  


Серік Біләлов
, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Үш күннің ішінде қарды барынша мол шығару керек. Сондай-ақ ағын су өтетін арықтарды да тазалау қажет. Бұл жұмысқа тұрғындар да атсалысулары тиіс. Осы мәселенің оң шешімін табуды қала әкіміне тапсырамын.

Су басу қаупі төніп тұрғанына қарамастан, көптеген жер үйлердің тұрғындары өз аулаларын тазалауға асықпай отыр. Бұл жұмысты олардың орнына енді коммуналдық қызметке атқаруға тура келеді. Бір қуантыштысы, жұмысшылар мен арнайы техника жеткілікті. Облыс әкімі Бензострой, Копай, Жұмысшы, Заречный, Ойқала аудандарын аралап, осы аймақтарға жауапты кәсіпорындар басшыларының есебіне риза болды.

Ғалым Гильманов,  «Фирма Универсал» ЖШС директоры:
 – Бізде айтарлықтай проблема жоқ. Су өтетін арықтар жұмыс істеп жатыр.

Ал кейбір тұрғындар су тасқынына қарсы шараларды коммуналдық қызметтен бұрын қолға алған. Александр Саможеннов өз көшесіндегі су өткізетін құбырды жиі тазалайды екен. Серік Біләлов халықты сумен қамтамасыз ету мәселесін де қозғады. Биылғы қатты аяздарда көптеген құдықтар қатып қалып, істен шыққан болатын. Қазіргі таңда олардың барлығы жібітіліп жатыр. «Петропавл Су» кәсіпорнының қарамағында 500-ден астам су колонкасы бар. Кәсіпорын жетекшісінің сөзіне қарағанда, бүгінгі күні олардың негізгі бөлігі іске қосылған.