Теміржол саласының ардагерлері Ұлы Жеңістің 65 жылдығына қызу дайындалуда.

МТРА жаңалықтары

14:49 16 Наурыз 2010

Ел басына күн туған кезде көппен бірге теміржолшылар да жауға қарсы тұрды. Тылда негізінен қажетті мамандар қалды. Соғысқа арналған техниканы құрастыру олардың басты міндеті болды.

Виктор Панин, Петропавл станциясы вагон депосы ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
аровоздың өзін локомотив депосында істеді,  ал брондалған  пойызды өзіміздің вагон депосында құрастырды. Өте қиын болды, жұмысшылар күніне 18 сағатқа дейін жұмыс істеді. Алайда оған ешкім реніш білдірмейтін, өйткені ортақ жеңіске осылай ғана жетуге болатынын түсінді.

Қа
тыгез жауды жеңуге үлес қосқан теміржолшылар ұмыт қалған жоқ. 1991 жылы вагон депосының жанынан ескерткіш  тұрғызылды.  Кәсіпорында бүгінгі таңда вагон құрастыру үшін соңғы үлгідегі қондырғы бар. Депо таза әрі жұмысшыларға қолайлы жағдай жасалған. Соғыс жылдарында  жұмысшылар тізелеріне дейін мазутқа батып, киімдерін де сол жерде ауыстыруға тура келетін дейді ардагерлер. Николай Кузнецовтың жастық шағы да Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келген. Оған теміржол училищесін тәмамдаған соң, бірден депоға жұмысқа орналасуға болар еді. Алайда бозбала 1943 жылы майданға аттанды.   

Николай Кузнецов, ҰОС ардагері:
Польшаның Краков қаласында болдым. Шығыс Пруссияны басып өттік. Кенигсбергті ала алмай, 3 күн шабуылдағанымыз әлі есімде.

Жеңісті солдат осы қалада қарсы алды. Ол күн ақсақалдың мәңгі есінде.  1950 жылы Николай Кузнецов елге оралды. Сол күннен бастап вагон депосында аянбай еңбек етті. Бүгінде қария құрметті демалыста.