МТРА жаңалықтары

Бескөлде Елбасы Жолдауын насихаттауға ақсақалдар да үлес қосуда.

 

 

Халықпен кездескен  ақпараттық-насихат тобының мүшелері Жолдаудың мазмұны халыққа ұғынықты  болуы үшін мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді облыс өмірімен байланыстыра түсіндіруде.  Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бастығы Марат Мұстафин  өз  саласындағы жұмысқа да тоқталды. Көптің көкейіндегі мәселе тариф саясаты. Өткен жылы үкімет бекіткен дәліз 2 пайыз шамасында болғанымен, біздің өңірде қабылданған ыстық және суық су, жылу тарифі төмен деңгейде қалды. Жиында Бескөлге қатысты проблемалар да қозғалды.

Марат Мұстафин,  СҚО бойынша департаментінің бастығы:

-Қазір Бескөлде судың бір текше метрі 132 теңге тұрады. былтыр тариф бар болғаны 5 пайызға өсті. Біз бұл жүйеде бағаны тұрақты ұстап қала алдық. Ал кәріздік жүйе бойынша тариф сол күйінде қалды.

Аудан ақсақалдары да Елбасының жолдауына белсенді қолдау білдіріп, халық арасында насихаттау жұмысын мықтап қолға алған.  

Қабиболла Ысқақов, Қызылжар аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
– Біз ақсақалдар жолдауды қолдаймыз. Олар аудан бойынша халықпен кездесу өткізіп жатыр. Сақып Құсайынова сияқты аға-апаларымыз осы іске қызу атсалысуда.