МТРА жаңалықтары

Америкалықтар сандық телевизияны дамытуға көмектеседі.

 

 

Сандық телевизия- елімізде қолға алынған инновациялық жобаның бірі. Тың жобаға 14 облыстың ішінен алғашқы болып біздің өңір дем берді.
 

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Бұл бастама әзірше басқа облыстарда жүзеге асырылып жатқан жоқ. Сандық телевизияны дамытуды алғаш қолға алғандықтан  Солтүстік Қазақстан облысының жүгі ауыр. Киров атындағы зауыт үмітті ақтайды деген сенімдеміз. Өйткені кәсіпорында қажетті технология мен білікті ұжым бар.

Мұхит асып келген Дэвид Неффтың компаниясы
 осы саланың үздігі. “Аксера” көптеген елдерде сандық жүйені дамытуға атсалысыпты.  Енді Қазақстанға келіп отыр.  

Дэвид Нэфф, “Axera” компаниясының президенті, АҚШ:
– Біз осы жобаны қолға алған Киров атындағы зауыттың жұмысымен таныстық. Бұл кәсіпорынның мүмкіндігі мол екендігіне көзім жетті. Бізге бар болғаны енді бірлесіп жұмыс істеу керек. Келісімнің аясында біз өзіміз білетін технологияны үйретіп кетуге әзірміз.  

 Зауытта АҚШ пен Қазақстанның бірлескен кәсіпорнын ашу- жақын күндердің ісі.  Облыс басшылығы бұл жобаның жылдам қолға алынуына мүдделі. Озық технология, білікті ұжым мен мемлекеттің қолдауы осының кепілі дейді зауыт басшысы Марат Әбілмәжінов. Сандық телевизияны тамашалайтын күннің ауылы алыс емес.

Марат Әбілмәжінов, “С.Киров атындағы зауыт” АҚ бас директоры:
– Біз маусым айынан бастап сандық телевизия жобасын Сергеевка және Саумалкөлде жүзеге асыра бастаймыз. Бұдан кейін жұмыс одан әрі қарқын алмақ.

Біздің облыстың бастамасын еліміздің басқа өңірлері іліп әкетуге дайын. Осының арқасында Қазақстан
да 5 жылдың ішінде сандық телевизия жүйесіне көшуге толық мүмкіндік бар.