МТРА жаңалықтары

Екі мыңнан астам облыс тұрғыны жаңа мамандық алып шығады.

 

Облысымыз биылдан дәнекерлеуші, сылақшы, тас қалаушы сынды тапшы мамандық иелерін даярлауды қайта қолға алып отыр. Екі қолға бір күрек іздеп, жұмыссыз отырған солтүстікқазақстандықтар республикалық “Жол картасы” бағдарламасы қорынан бөлген қаражаттың арқасында 34 мамандық бойынша қысқа уақыт ішінде тегін білім алу мүмкіндігіне ие. Әлеуметтік жайсыздықпен күресуге 295 млн. теңге қаражат құйылып, өңірімізде 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақшы.

Асхат Құсайынов
, СҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы:
Бүгінгі күні облысымыздың 22 оқу мекемесінде 34 мамандық бойынша 2176 адам оқып жатыр. Соның ішінде оқу мерзімі бір жылдан артық 791 адам және үш айлық курстарда 1385 адам даярланып жатыр.

Тың жобаны қолдаған С
олтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінде қазір екінші мамандықты игеруді көздеген 200 жерлесіміз білім алуда. Тағы келемін деушілер де мол екен.

Балта Жүсіпов, өндірістік оқыту шебері:
Биыл «Жол картасымен» жігіттер келіп жатыр, көбі жастар. Материалдық база бізде бәрі бар, саймандар жеткілікті. Енді екінші мамандық алғаннан кейін өз жолдарын табады деп ойлаймыз.

Өткен жылы орта кәсіптік білім беру кешенінде оқығандардың 80 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылған. Биыл бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Үстіміздегі жыл басынан құрылыс саласының мамандарын даярлаумен қатар тракторшы, газ дәнекерлеуші және электр
ші мамандар шығарылмақшы. Оқу үрдісі үш бөлімнен тұрады. Есіл ауданындағы Явленка селосының тұрғыны Уалихан Динәсілов 1,5 айлық теорияны меңгеріп, енді бар үйренгенін тәжірибелік зертхана цехында сынап жүр. Кейін өндірістік тәжірибеден өтеді.

Уалихан Динәсілов:
Маған тоқпен жұмыс істеген ұнайды. Сондықтан осы мамандықты алу үшін осы жерге оқуға келдім. Енді оқуды жақсы бітіріп, жұмысты жалғастырамыз.

Оқуларын бітіріп жаңа кәсіпті меңгергендер «Жол картасы» аясында жөндеу жұмыстарына тартылады.