МТРА жаңалықтары

Селекторлық жиында көктемгі су тасқынына дайындық шаралары нақтыланды.

Төтенше жағдайлар министрі Анатолий Божконың хабарламасы бойынша, еліміздегі 697 бөгет, үлкен су қоймаларының 27-сі иесіз. Көпірлер мен бөгеттердің қақ жартысына күрделі жөндеу керек. Қайғылы оқиға болған Алматы облысындағы елді мекендерге көмек еліміздің әр жерінен жетуде. Азық-түлік, киім-кешек тиелген бірнеше көлік жолда. Премьерминистр әр облыс әкіміне материалдық көмек ретінде 50 миллион теңгеден қаржы аударуды тапсырды. Үкімет басшысының орынбасары Өмірзақ Шүкеев осы оқиғаға қатысты 5 жауапты тұлғаның қамауға алынғанын, әр жағдай бойынша облыс әкімдері жауапты болатынын айтты. Бірнеше көпірі жөнделмеген Жамбыл облысындағы жағдай қауіпті, бораны үдеп тұрған Шығыс Қазақстанда төтенше жағдай жарияланған. Біздің облыста да тасқынның алдын алу, салдарын азайту шаралары қызу жүріп жатыр.

Серік Біләлов
, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Бұл мақсатқа 200 миллион теңге қарастырылған. 182 техника, жарық өшіп қалса, 283 станция дайын тұр. Облыс аумағында төрт бөгет бар. Оның үшеуі республикалық маңыздағы нысандар.

Да
йындық күшейтілгенімен Ғ.Мүсірепов ауданындағы екі тоғанға әлі күзет қойылмаған. Осыдан екі жыл бұрын су бұзып кеткен Сілеті су қоймасы бойынша жағдай тұрақты, бірақ жайбарақаттыққа жол берілмеуі тиіс. Уәлиханов ауданындағы осы Сілеті су қоймасына, Есіл ауданындағы Николаевка, М.Жұмабаев ауданындағы Бірлік ауылдарына техника жеткізу керек. Елді мекендердегі жағдайды назарда ұстау керек. Әр су қоймасының басында төтенше жағдайлар, ішкі істер департаменттерінің, жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен зілзалалардың алдын алу және зардаптарын жоюды ұйымдастыру басқармасының, су ресурстары комитетінің өкілдері кезекшілік атқаратын болады.