МТРА жаңалықтары

Жеңіс саябағы қалпына келтіріледі.

 Облыс орталығындағы Жеңіс саябағын қалпына келтіруге әр тұрғын өз үлесін қоса алады. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Григорий Кухарь петропавлдықтарды игі іске атсалысуға шақырды. Бұл бастаманы қолдаған алғашқы солтүстікқазақстандықтар арнайы есепшотқа бір күндік жалақыларын аударып үлгеріпті.  

 

 

Жоспар бойынша жөндеу, көркейту жұмыстары саябаққа кірер қақпадан басталмақ. Ал стеллаға апарар жол түрлі түсті қиықтаспен көркемделеді. Жолдың екі жағында солтүстікқазақстандықтардың ұлы жеңіске қосқан үлесі жайында ақпарат орналастырылады. Ескерткіш тұғыртасының көзге қораш көрінетіні рас. Енді ескерткіш гранитпен қапталады. Құрылысшылар айналасы бір жарым айдың ішінде бұл маңды адам танымастай өзгертпек. Мәселе қаржыға тіреліп тұр. 

 Григорий Кухарь, Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы :

-Жоспарларымызды жүзеге асыру үшін қаржы керек. Коммерциялық құрылымдар, акционерлік қоғамдар, бизнес өкілдері еңбеккерлерінің бір күндік жалақысын аудару туралы бастама көтерді. Мен өзіміздің жерлестерімізді, барлық құрылымдарды осы бастаманы қолдауға шақырамын. Бүгінде саябақты қалпына келтіру қорына қаржы аударғандар бар. Алғашқылардың бірі болып, бұл бастаманы жерлесіміз, Геннадий Зенченко қолдады.


Бір күндік жалақыны саябақты жөндеуге аудару туралы бастамаға облыс орталығының тұрғындары қолдау білдіруде. Петропавлдықтар жаңартылған саябақтың көңілден шығатынына сенімді.

 Қала тұрғындары:

– Біз аталарымыздың арқасында балаларымызбен, немерелерімізбен қыдырып жүрміз.Сондықтан аудару керек деп ойлаймын.
– Мен келісемін, аталарымыз отанды қорғады ғой.


Бұл жұмыс еліміздегі мәдениет және тарихи ескерткіштерді қалпына келтіруге лицензиясы бар үш фирманың бірі “Вант” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тапсырылған.  Саябақ жөндеуге арналған қаржыны «Центр кредит» банкіндегі қалалық ардагерлер кеңесінің есеп-шотына аударуға болдаы. Есеп-шот нөмірі 000700235, БИК 193601735, КБЕ 18, төлем коды 119, салық төлеуші нөмірі 481400024510, анықтама телефоны 46-50-71.