МТРА жаңалықтары

Қызылжарда Төлеген Мұқаметжановтың шығармашылық кеші өтті.

Белгілі композитор, қоғам қайраткері, Сенат депутаты Төлеген Мұхаметжанов Петропавлға жеке концертімен келді.  Сазгерді облыс әкімі арнайы шақырыпты. Жергілікті көрермен оны ыстық ықыласпен қарсы алды. 

 

 

Сазгер Төлеген Мұхаметжанов қызылжарлықтар алдындағы алғашқы жеке концертін “Балалық шақ” атты ең таңдаулы шығармасымен бастады.  Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театрының дирижеры Абзал Мұхитдиновтың басқаруымен облыстық филармонияның симфониялық оркестрі орындаған шығармалар тыңдарман қауымның айызын  қандырды.  Төлеген Мұхаметжановтың Петропавлға ат басын тіреуі кездейсоқ емес екен.

Төлеген Мұхаметжанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты,   композитор:
– Менің досым Абзал Мухитдинов  концерт өткізейік деп ұсыныс жасаған болатын. 8 наурыздағы Астанадағы кештен кейін Қызылжарға гастрольдік сапармен келдік. Сонымен қатар облыс әкімі Серік Біләлов арнайы шақырған еді.
 

Кеште кинофильмдерге саунтрек ретінде жазылған музыкалық композициялар да орындалды.  Көрермендер  сазгердің “Біржан сал”, “Бозторғай” атты соңғы еңбектерін де тамашалады.

 Төлеген Мұхаметжанов,  ҚР Парламенті Сенатының депутаты, композитор:
– 2009 жылы “Біржан сал” киносы шыққан болатын.
Сол кинодан бірнеше музыкалар орындалады. Жалпы кино музыкасы көрерменге тартымды болуы тиіс.

Соңғы жылда
ры Төлеген Мұхаметжанов өлең де жазып жүр. Шығармашылық шабыт үстіндегі өнер иесінің туындылары жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді. Қаламгердің таяуда ғана жарық көрген өлеңдер жинағы ресейліктердің жоғары бағасын алыпты. Жазушының шығармаларымен петропавлдықтар да таныса алды.  Кеш соңында белгілі сазгер қазақ пен қырғыз халықтарының ардақты ұлы Шыңғыс Айтматовтың құрметіне жазылған туындысын фортепианода орындап берді. Елордадан келген мәртебелі мейманға облыс әкімі Серік Біләловтың атынан гүлшоғы сыйланды. Төлеген Мұхаметжанов өңір басшысына естелікке “Мелодии любви” үнтаспасы мен шығармалар жинағын тарту етті.

Көрермендер:
Өте жақсы концерт, композиторлар жиі келсін дейміз. Көрермендермен жиі кездесіп тұрсын.
Шығарашылығын теледидардан көріп тұрамыз. Өте танымал. Ұнайды.
Сондай қуаныштымын, немереме де ұнады.