МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында тұңғыш рет көктемгі гендерлік бал өтті.

Сәнді киінген мырзалар мен ханымдарды есік алдынан облыстық филармонияның оркестрі қарсы алды. Осындай көңілді кешті өткізуге облыстық әкімдік пен Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының облыстық филиалы мұрындық болған. Бал палатаның бағдарламаларына қатысатын солтүстікқазақстандық бизнесмендер үшін арнайы ұйымдастырылды.

Елена Виссарова, “Союз Атамекен” бірлестігі облыстық филиалының төрайымы:
– 2009 жылдың соңында ел Президенті гендерлік теңдік жөніндегі заңға қол қойғаны белгілі.
Жалпы гендер дегеніміз – әйелдер мен ерлердің әлеуметтік теңдігі. Бұндай гендерлік балдар барлық өңірлерде өтіп жатыр.

Елена Виссарова, “Союз Атамекен” бірлестігі облыстық филиалының төрайымы:
– 2009 жылдың соңында ел Президенті гендерлік теңдік жөніндегі заңға қол қойғаны белгілі.


Салтанатты шара барысында “Бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары” байқауының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар 6 аталым бойынша анықталды.
 Үздік кәсіпкер атану үшін 3 әйел бағын сынаған болатын.   Ақжар ауданында өз ісін дөңгелетіп отырған Орынбасар Ысқақова қарсыластарының алдын орап кетті. 90-шы жылдары шағын азық-түлік дүкенінен бастаған кәсіпкердің тасы бүгінде өрге домалап келеді.

Орынбасар Ыскакова, “Бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары” облыстық байқауының жеңімпазы:
Біз тоқсаныншы жылдары дағдарыс уақытында ісімізді бастадық
,  әрине, ауыр тиді. Қазір бізге мемлекет өз жәрдемін көрсетіп келеді. Кәсіпкерлік туралы заңға өзгерістер енгізілді. Республикада гендерлік саясат жүзеге асуда. Нәзік жандар да іскерлікке бет бұрды.

«Жас көшбасшы»  атағын “Несиелік серіктестік” кәсіпорнының директоры Ничат Алиев еншіледі. Ал Петр Гольцер үздік бизнесмен атанды. “Алтын жас” аталымында Аккайың ауданының кәсіпкері Гүлшат Ыбыраева топ жарды. Белсенді үкіметтік емес ұйымдар тізімін Сайран Хамзин жетекшілік ететін “СҚО рестораторлар мен отельерлер ассоциациясы” бастады. Іскер жерлестеріміз өзара ақпарат алмасып, жаңа әріптестер тауып жатты. Гендерлік балдың мақсаттарының бірі де осы – өңірлік бизнестің қанатын жаю.

 Еркебұлан Мәмбетов, “Мәмбетов және К” КС бас директоры:
– Мақсатымыз – бизнестің дамуына қолайлы орта жасау. Және билікпен байланыс барда кәсіпкерлік тоқтап қалмайды, одан әрі қарыштап дамиды.

Кейін меймандар кең дастарқан басына жайғасып, жергілікті эстрадалық ұжымдардың өнерін тамашалады.  Енді гендерлік бал дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.