МТРА жаңалықтары

Оқушылардың білімі тексерілді.


 

 2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан тестілеудің мақсаты  – білім беру сапасын және балалардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау болып табылады. Бақылау таңғы сағат 9 -да басталады. Сұрақтар оқушылардың өткен тақырыптары бойынша алынған. 4 сынып оқушылары – 45, ал 9 сыныптағылар барлық сауалдарға 135 минуттың ішінде жауап берулері керек.

Шолпан Каринова, СҚО білім басқармасы бастығының орынбасары:
– Барлық мектептерде дайындық жүргізілді, қосымша сабақтар берілді. Ай сайын оқушылар тестілеуден өткізіліп отырды.Мектептердің барлығында әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмыс істеп, балаларды сынаққа психологиялық тұрғыда дайындап отырды.

Жыл сайын сынақ алынатын пәндер өзгереді. Биыл 4 сынып оқушылары дүниетанудан сынақтан өтсе, 9 сынып балалары дүниежүзілік тарих пәнінің сұрақтарына жауап береді. Алдын ала тестілеудің қорытындыларына қарағанда, біздің облысымыз республика бойынша көшбасшылардың қатарында.

Азамат Турабаев, Білім және ғылым министрлігінің бас сарапшысы:
– Мұндағы мектептердің барлығында білім беру сапасы жоғары. Бұны министрлік өткізетін емтихандардың нәтижелері дәлелдеп отыр.

Кеңесте  бақылау өткізілетін орында терезелерді ашып, бөлмені желдету сияқты шаралар  арқылы балалардың ойлау қабілетіне  қолайлы жағдай тудыру қажеттігіне де баса назар аударылды. Бүгін мемлекеттік аралық бақылауға облыс бойынша 15 мыңнан астам оқушы қатысты. Ал № 20 орта мектептен бұл сынақтан 76 бала өтті. 9 сынып оқушысы Әлия Башикова бақылаудан бірінші болып шықты. Ол тестілеуді жақсы тапсырдым деген ойда.

Әлия Башикова,  9 сынып оқушысы
– Бақылауда біз өтпеген сұрақтар кездесті. Тіпті жауаптың екі нұсқасы мүмкін болатын сауалдар да болды. Оңай сұрақтар да, қиын сұрақтар да кездесті.


 Білім сынағынан облысымыздың 416 мектебінің оқушылары  өтті. Оның қорытындысы наурыздың 16-сы белгілі болады.