МТРА жаңалықтары

Конференция Антон Чеховқа арналды.

Кітапханашылар классик жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастыруда. Белгілі орыс жазушысы Антон Чеховтың 150 жылдығына орайластырылған конференцияға жастар көп шақырылды. Кейінгі толқын өкілдері жиын барысында өаламгердің пьеса, новелла, повестерін оқытушы-ғалымдармен бірге талдады.

Марина Маликова, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың оқу орталығының жетекшісі:
– ЮНЕСКО биылғы жылды Чехов жылы деп жариялады. Ал біздің кітапхана өз кезегінде қаңтар айынан жазушының шығармаларын насихаттау жұмыстарын бастады. Енді студенттер жиі келетін болды.

Конференцияны ашқан филология ғылымдарының докторы Валерий Любушин жастарды Чехов шығармашылығына тартудың өз жолдарын ұсынды.

Валерий Любушин, филология ғылымдарының докторы:
– Біріншіден, оқуға деген құмарлықты отбасынан бастау керек. Егер үйде кітапхана болса, онда міндетті түрде Антон Чеховтың шығармалары болады. Екіншіден, мектеп мұғалімдері Чехов туралы мәліметтерді оқушыларға әсерлі, қызықты берулері тиіс. Ал үшіншіден, оның кез-келген шығармасын тез табуға мүмкіндік жасалуы қажет, кітаптардың құны қалта көтерерлік болуы керек.

 Ұйымдастырушылар көздеген мақсаттарына жеткен сияқты.  Конференцияға қатысқан студенттер Антон Чеховтың өмір жолымен жақынырақ танысып, оның шығармашылығын талдаған баяндамалардан мол әсер алды.

Конференцияға қатысушылар:

– Бүгінгі конференциядан мол әсер алдым. Көп дүниелерді мектепте де оқыған болатынбыз. Енді оның шығармаларын тағы бір мәрте оқып шығамын.
 – Мен Антон Чеховтың шығармашылығы туралы курстық жұмыс жазып жатырмын. Осы орайда бүгінгі конференциядан өзіме қажет қызықты мағлұматтар алдым.