МТРА жаңалықтары

Бескөл селосында автожарыстан ҚР кубогы өтті.

 Бұл дода қазақтың бәйгесіне ұқсас. Ең бастысы – ат тұяғы жерге тимей озу үшін оны ұзақ баптап, күтім көрсету керек. Темір тұлпарға да керегі сол. Жақсылап сайлаған жөн. Әр жарыс көлігіне қойылатын басты талап – сайыскердің қауіпсіздігі үшін темір қаңқаны жан жақтан арматуралармен мықтап бекіту керек. Жылдамдыққа құмар жанкүйерлер көп жиналды.  Гүрілдеген мотор үні құлақты жара жаздап, жарыс басталып кетті.  Міне осымен 6-шы жыл қатарынан Солтүстік Қазақстан өңірі автожарыстан ел чемпионатына қатысушыларды қабылдап отыр.

Виктор Старовойтенко, бас төреші:
-Көршілес Ресейден қонақтар келді. Қазақстан атынан жарыс жолына Қостанай, Көкшетау, Астана қалаларының және Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары шықты. Ауа райының кесірінен көбі келе алмай қалды. Әйтпесе  тілек білдірушілер көп болды.

Виктор Старовойтенко, бас төреші:
-Көршілес Ресейден қонақтар келді. Қазақстан атынан жарыс жолына Қостанай, Көкшетау, Астана қалаларының және Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары шықты. Ауа райының кесірінен көбі келе алмай қалды. Әйтпесе  тілек білдірушілер көп болды.

 

Автошабандоздар тура жолда жылдамдықты сағатына 150 км-н асыруға бар. Сол себепті жарыс қауіпсіз емес.  Бұндай жылдамдыққа шыдамай, көліктері сыр беріп, алғашқы айналымда-ақ жарыстан шығып қалатындар да жиі кездеседі. Әсіресе  шұғыл бұрылыста рөлге ие бола алмай, аударылып қалулары әбден мүмкін. Үш кезеңді жарыста мықты сайыскерлер іріктелді.   Қорытынды тартысқа шығу үшін   10 айналым артта қалуы керек. Бұл сыннан тек 6 автошабандоз мүлтіксіз өтті. Оның екеуі Қызылжар қаласының “СТК Динамо” автоклубының мүшелері Владимир Жуковень мен Дмитрий Шарапаев. Алғашқы айналымды көкшетаулық Михаил Загороднев жақсы бастаған еді. Алайда оны омбылық  қонақтар ығыстырды. Осылайша ресейлік Дмитрий Катышев пен Андреем Гурш алғашқы орындарды өзара бөлісіп, ашық доданың кубогы көрші елге аттанды. Үшінші орын қостанайлық Руслан Құлаевтің еншісінде.

Дмитрий Катышев, жарыс жеңімпазы, Омбы қаласы
– Менұзақ жылдар бойы мотожарыспен айналысып жүрмін. Дайын машина бар, мүмкіндігіңді сынап көр деген ұсыныстан бас тарта алмадым.  Жарыс ұнады, бастамам жаман емес, аяқсыз қалдырмауға тырысамын.

Ал ҚР кубогы аясында өткен суперфиналда жерлесіміз Иван Форш мәре сызығына бірінші болып жетті.