МТРА жаңалықтары

Жастардың өз мәслихаты құрылады.

 

 

Сайлау алдында дауыс берушілер кандидаттардың бағдарламаларымен тағы бір рет танысты. Жастар мәслихатындағы 25 орынға  80 үміткер сайлауға түсуге бел буған.  

Талғат Жақыпов, № 22 сайлау учаскесінің бақылаушысы:
– Жастар мәслихаты өскелең ұрпақтың проблемаларымен таныс болу мақсатында жасақталып жатыр. Яғни олармен кері байланыс орнату арқылы жас ұрпақтың өмірінен хабардар боламыз. Жастардың қызықты  жобалары көп, алайда оларды жүзеге асыру жолдарын білмей жатады. Сондықтан әр округте депутат болады. Олар жаңа жобаларды сараптайды.


№26  білім ошағындағы  22-ші сайлау округінде жастар мәслихатының депутаттығына екі кандидат бар. Олар  ұсынған  бағдарламаға жастарды жұмыспен қамту мәселесі негіз болған.

Бәдиша Қосмағамбетова, жастар мәслихаты депутаттығына кандидат:  
-Бұл жұмыстың 22-ші округті көтеруде маңызы зор. Бензострой, теміржол вокзалы аудандарындағы білім ошақтары “Жас Отан” ЖҚ іс-шараларына мүлдем қатыса алмайды.

 Азаматтық көзқарасын білдіруге мүмкіндігіне ие болған үміткерлер  алма-кезек  сөз алып,  біраз мәселенің шетін шығарды. Түлектерді ҰБТ тапсыру қинайды.  Ал студенттерді жас мамандар арасындағы жұмыссыздық  алаңдатып отыр. Бос уақыттың дұрыс ұйымдастырылмауы да – өзекті мәселе.  

Дарья Хрупина, № 26 орта мектеп оқушысы:
– Жастардың бос уақыты дұрыс жұмсалса деп ойлаймын. Өскелең ұрпақ өзінің күшін бір пайдалы жаққа жұмсауы керек. .

 

Алена Алексеева, №26 орта мектеп оқушысы:
– Жастар ұйымы көбірек болса. Онда біз бірге бас қосып маңызды мәселелерді шешер едік. Сонда  бос сенделіп жүргендер де азаяды. Егер жастар пайдалы жұмыстарға тартылса,  елдің болашағы да жарқын болады.  Оқу ошағында берілетін білім аз. Талмай іздену керек.


Сайлаушылар өз қалауын жасаған соң,  жас депутаттар  үш ай білімін жетілдіреді. Ал депутат болудың қыр-сырын облыстық мәслихаттағы тәжірибелі аға-апалары үйретеді.