МТРА жаңалықтары

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

 Сессияда  тұрмысы төмен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі қаралды. Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің әрбіріне облыстық бюджеттен 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы беріледі. Сондай-ақ, қариялардың тістерін тегін емдеуге қаржы  қарастырылған. Қала басшысы мерейтойға орай Жеңіс саябағын қалпына келтіруге облыс орталығының тұрғындарын белсенді атсалысуға шақырды.

 

 

Ал наурыздың 14-інде Астанада Елбасының қатысуымен барлық деңгейдегі депутаттардың республикалық форумы өтеді. Оған облыстан 31 делегат аттанбақ.

 

 Құрамында қалалық мәслихаттың хатшысы Руслан Сыздықов пен қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының төрағасы Анатолий Мишин бар. Форумда «Нұр Отан» партиясының халықтық платформасын жүзеге асыру мәселелері талқыланады деп жоспарланған.

 Анатолий Мишин, қалалық мәслихат депутаты:

-Әлі күнге дейін мәслихат депутаттарының мәртебесі  белгіленбеген. Форум барысында осы мәселеге баса назар аударылады деген ойдамын. Оған қоса фракция, комиссиялардың төрағаларын жұмыстан босату жағы да қарастырылса деген ұсынысым бар. Және біздерге – нұротандықтарға «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жөндеу жүріп жатқан нысандар сеніп тапсырылды. Жиында осы мәселеге баса назар аударылуы тиіс. Жалпы мен форумнан тек оң нәтижелер ғана күтіп отырмын.