МТРА жаңалықтары

Ақпараттық топтар сайлау округтерінде жүр.

 

 

Енді олар Жолдау жүктеген міндеттерді әрбір сайлау округіне барып, тұрғындарға түсіндіреді. Бұл іс 15-ші округтан басталды. Жиналғандар 10 жылға бағытталған маңызды құжаттың негізгі бағыттарымен танысты. «Жол картасы» бағдарламасы биыл да жалғасын табады. Оған 5 млрд. теңгеден артық қаражат бөлінді. Елбасы атқарылып жатқан  жұмыстардың шарапатын барлық  қазақстандықтар сезінуі керек деген болатын. Кездесуге келген петропавлдықтар жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.