МТРА жаңалықтары

Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған майдангер

 

 

Ақтай Кәкенов 18 жасында әскер қатарына алынып, бір жылдан кейін майданға жөнелтіледі. Жас жауынгер Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысады. Курск иінін, Смоленск жерін жаудан азат етіп, сонау Берлинге дейін жетеді.  Отан үшін қаза тапқан майдандастарын  Ақтай аға ұмытқан емес.

Ақтай Кәкенов, ҰОС ардагері:
– Шайқас алаңдарында қаза тапқан жолдастарымызды ұмытпау үшін мәңгі алау жанып тұр.Оларды естен шығармауымыз керек.  Мәңгі алау мәңгі жанып тұруы қажет.


Ақтай Кәкенов майданда екі рет ауыр жарақаттанады. Бірақ бейбіт күнді аңсаған жауынгер жасымады. Керісінше
,  оның жауға деген өшпенділігі артта түсті.   3-інші Белорусь майданында болған бір  оқиға оның есінде жақсы сақталған. Ақтай аға 1943 жылдың күзінде 8 жауынгермен бірге  барлауға аттанады. Өзеннің екінші бетіне шыққан бетте  жаудың  қарауылын байқап қалған Ақтай ата оны жалғыз өзі құртады. Бұдан соң барлаушылар блиндажға басып кіріп, жаудың тас-талқанын шығарады. Тірі қалған фашист офицерлерін тіл ретінде полкке алып келеді. Бұл ерлігі үшін ардагер Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Қарт жауынгер бүгінгі ұрпақ өз батырларын білуі керек, Жеңіс саябағы қалпына келтіріледі дегенді естігенде, бір жасап қалдым, – дейді.

Ақтай Кәкенов, ҰОС ардагері:
– Балаларымыз бен немерелеріміз бұл саябаққа келіп, олардың әкелері мен аталары қандай болғанын көре алады. Соғыс кезіндегі ерлердің ерлігін  ұмытпау үшін Елбасы мен облыс әкімі жасап жатқан осы іспеттес істер үшін көп рақмет.

Соғыс аяқталған соң ардагер туған еліне 1950 жылы ғана оралады. Ақтай ата өзінің болашақ жарын туған ауылында кездестіреді.

Роза Кәкенова, ардагердің жары:
Болашақ құданың үйінде жүргенде шал мен мені атастырды. Оған мына қызды аласың, болды!деді.

Бүгінгі күні Ақтай ата мен Роза әже 4 бала мен 11 немере сүйіп отыр. Отбасы ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлыққа риза.