МТРА жаңалықтары

Құтқарушылар маусымдық жұмысқа дайындала бастады.

 

 

 Сергей Черкасовтың құтқарушы болып қызмет атқарып жүргеніне 9 жыл.  Сергейдің айтуынша, аса сақтықты қажет ететін жұмыста тәжірибенің маңызы зор. Десек те, мүлт кететін  кездер де болады.

Сергей Черкасов, ҚР ТЖМ СҚО ТЖД  суасты қорғау қызметі орталығының маманы:
– Біздің басты мақсатымыз – төтенше жағдай мен адам өлімін болдырмау.
Батып кеткен балаларды судан шығарған кезде жаның түршігеді. Жеткіншектердің жағада күтіп тұрған ата-аналарының жан күйзелісін көру тіпті қиын.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары суда
ғы  қайғылы оқиғалардың алдын алу акцияларын жиі өткізеді. Әзірге суасты қорғау қызметі базада оқыту жұмыстарын қолға алды. Медициналық сараптама бойынша мұз астында 20-30 минуттан артық қалуға болмайды. Сондықтан осы уақытта барлық жұмыстарды тыңғылықты орындау қажет. Бұл орайда құтқарушының сабырлық пен шапшаңдық танытуы керек.  Басты талаптардың бірі  арқанның ұшын қолдан шығарып алмау. Себебі сол жіптің көмегімен мұз үстіндегілермен байланысасың.  


Сергей Черкасов,  ҚР ТЖМ СҚО ТЖД суасты қорғау қызметі орталығының маманы:
– Сүңгуіштерге  қауіпсіздік ережелеріне қарай қойылатын талаптар көп. Оның барлығы 600 беттік кітапта жинақталған.

Құтқарушылардың
шеберлік шкаласы болады. Кәсіпті енді меңгеріп жатқандар су астында 100 сағат бола алады. Бұл көрсеткішті бір мың сағатқа жеткізгендер шебер атанады. Су астында бұдан артық жүре алатындар  шеберліктің ең биік шыңына шыққандар болып саналады. Құтқарушылар штатында осындай көрсеткішке ие мамандар саусақпен санарлық. Дегенмен, олардың барлығы өз істеріне берілген.  

Антон Коптяев, ҚР ТЖМ СҚО ТЖД  суасты қорғау қызметі орталығы бастығының міндетін атқарушы:
– Біздің штат 36 адамнан тұрады. Қуатты машиналар мен қайықтар бар. Тағы екі машина мен двигателі мықты қайық алу жоспарымызда тұр. Оған 14 млн тг қаражат қажет.

Орталық ұжымы жастардан тұрады. Олардың қазіргі басты міндеті – жаңа техниканы толығымен меңгеріп, шеберліктерін жетілдіруу.