МТРА жаңалықтары

Қала полицейлері бір баукеспені қолға түсірді.

 

Бір айдың ішінде қалада үй тонаудың үш фактісі тіркелді. Үй иелерінің бар жиған ақшасы, киім мен тұрмыстық техника- ұрының олжасына айналған. Кейін үш қылмыстың арасында байланыс бар екендігі анықталды. Ұрының тонау әдісі бірдей екен. Полицейлер оның ізіне қызметтік иттің көмегімен түсіп,  тауып алды. Бір қызығы, баукеспенің тұратын үйі оқиға орнынан алыс болмай шықты.

Ерлан Құсайынов,  кинолог- инспектор:
– Бізді ит № 51-ші үйге алып келді. Қылмыс орнындағы аяқ киімнің ізі осы үйдің қожайынынікі болып шықты. Ол Петропавл қаласының тұрғыны, 33 жаста,  бірнеше рет сотталған. Жуырда ғана темір тордың ар жағынан босапты.   

Қолға түскен кезде сезікті қылмыс жасағанда киген аяқ киімінде болды, сондықтан айыбын мойындаудан басқа амалы қалған жоқ. Оған қоса ұрланған дүниенің бір бөлігі үйден табылып,  иелеріне қайтарылды.  Күдіктінің үстінен үш бірдей қылмыстық іс қозғалды. Алайда ұрлық саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.