МТРА жаңалықтары

Жеңіс саябағы жаңартылады.

 

 

Жеңіс саябағының бүгінгі келбеті көз қуантпайды. Демалыс орны өзінің атына сай емес. Жеке меншіктің қолында болған саябақ  жуырда мемлекеттің меншігіне қайтарылды. Атқарушы билік Жеңіс саябағын қайта қалпына келтіруге мүдделі.

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-Жеңіс саябағын жөнге келтіріп, онда әр түрлі экспонаттар қоямыз. Оның барлығы соғыс тақырыбында болады. Әскери  техникаға да орын табылады. Өскелең ұрпақ жалпы Ұлы Жеңістің қалай келгенін білуі қажет. С
ондай-ақ саябаққа жер жібігесін ағаш отырғызамыз.

«Жеңіс саябағындағы ескерткіш жаңартылып, мәрмәр композиция енді гранитпен қапталады»,-  дейді сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Валерий Затай. Сондай-ақ оған келетін жолды бойлай қойылатын ақпараттық тақтаға біздің өңірдің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі жайында мәліметтер жазылуы тиіс. Саябақ елжандылықты тәрбиелейтін орын ғана емес, спорттық орталыққа да айналады.  «Жоба ауқымды, оны жүзеге асыруға көп уақыт қалған жоқ»,-  деп атап өтті өңір басшысы. Жеңіс күніне дейін саябақ дайын болуы керек. Бұл жұмысты “Вант” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алды.